Парламент мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейтуге бағытталған заңды қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» туралы ҚР Заңы қабылданды. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
None
None

Аталған заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қатысушылар аясын және қолданылу салаларын реттеу, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің келісімшарттық нысандарын кеңейту, институттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелерін реттеу шараларын қамтып отыр. Сонымен қатар, құжат бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының құрылымын айқындау, жеке қаржылық бастаманы енгізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысу нысанын айқындау ұсынылады. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау және автожолдар салу сияқты негізгі салалармен қатар заң жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті экономиканың барлық салаларында дамытуды болжайды. Дегенмен, тек Мемлекет басшысының тиісті жарлығымен шектелетін тыйымдар жеке нысандар бойынша ғана салынады.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің келісімшарттық нысандарын өмірлік цикл келісімшарттарын, ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған келісімшарттарды, сервистік келісімшарттарды және лизингтік тетіктерді енгізу арқылы елеулі түрде кеңейту қарастырылады.

Сонымен бірге, заң жобасы аясында институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тетіктері айқындалып, ол арқылы мемлекет пен жекеше әріптестердің арасында бірлескен кәсіпорындар құру мәселесі реттеледі. Ал осы бағыттағы концессияларда қолданылған мемелкеттік қолдау шаралары мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық жобаларына бірдей қолданылатын болады.

Соңғы жаңалықтар