Парламент Монреаль хаттамасына енгізілген өзгерістерді қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында «Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабылданған Түзетудi ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Озон қабатын бұзатын заттарға қатысты Монреаль хаттамасы 1987 жылы қабылданған болатын. Ал Қазақстан Монреаль хаттамасына 1997 жылы қосылды. Хаттама аясындағы Бейжің түзетуі 1999 жылғы 3 желтоқсанда қабылданды. Онда Монреаль хаттамасының мүшесi болып табылмайтын кез келген мемлекетке гидро-хлор-фтор-көмiртектi экспорттауға немесе импорттауға тыйым салу белгiленедi. Хаттамаға мүше мемлекеттер гидро-хлор-фтор-көмiртегi өндiрiсiн реттеудiң қосымша шаралары енгiзіледi. Яғни, құжатта тұрмыстық, өнеркәсіп, коммерциялық және көлік секторларында салқындату және ауа баптау жүйелерін толтыруға арналған хладенгтер, сонымен қатар, көбік материалдары секторына арналған реагенттер ретінде пайдаланатын көмірсутегілерін Хаттаманы қабылдамаған мемлекеттерге сатпау немесе олардан сатып алуға тыйым салу қарастырылады. Құжатты ратификациялау кезiнде Қазақстанға 2015-2017 жылдар аралығында Ғаламдық экологиялық қор тарапынан қаржылық және техникалық қолдау көрсетiлетiн болады.