Парламент мүшесі лаңкестіктің құрбаны болды
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Сомалиде шариат заңын орнатпақшы болған "Аш-Шабаб" экстремистік тобы кеше елдің парламент мүшесі Махмуд Ибрагим Гарвейненді өлтіргендерін мойындады,
деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Полицияның берген ақпараты бойынша, парламент мүшесінің көлігін Могадишода жарған, оның денесі толығымен жанып кетті.
Гарвейне Сомалидің президенті Шейх Шариф Ахмедтың жақтасы саналды.
«Біз оның көлігіне бомба салып, жарып жібердік», - делінген "Аш-Шабаб" таратқан хабарламада.