12:29, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Парламент «Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатынын ескеруі қажет - Елбасы
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Елбасы Парламент өз жұмысы барысында «Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатынын ескеруі қажеттігін айтты,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінде «Нұрлы көш» бағдарламасы Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ілкі режімде жүзеге асырылып жатқандығына тоқталған Нұрсұлтан Назарбаев: «Аталмыш бағдарлама оралмандарға жеңілдетілген несиелеу механизмі арқылы тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді», деді.
Осы орайда Мемлекет басшысы депутаттарды азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу күтіп тұрғанын атап көрсетті.