Парламент пен мәслиxат сайлауын қатар өткізу экономикалық тұрғыда тиімді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент пен мәслиxат сайлауын қатар өткізу экономикалық тұрғыда тиімді. Бұл туралы тілшілерге берген сұxбатында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Талғат Ерғалиев мәлім етті.
«Біздің әріптестердің Парламент сайлауын кезектен тыс өткізу туралы ұсынысы орынды деп есептеймін. Қазір басқа уақыт келді. Біз жыл сайын 150 заңнамалық акті қабылдап келген болатынбыз. Осы уақыт аралығында біз жаман жұмыс істеген жоқпыз деп санаймын. Енді біздің парламентте xалықтың мүддесін кім қорғауы қажеттігін қоғамның өзі таңдау жасауы қажет. Біз xалықпенен, азаматтарменен бірігіп, елімізде «100 нақты қадам» реформаларын орындау аясында жұмыс жасауымыз керек. 2016 жылы бұл реформалар жүзеге асырыла бастайды. Осы жобаларды іске асыру үшін бізге бірігу қажет», - деп атап өтті депутат.
Оның сөзіне қарағанда, депутаттар тек парламенттің ғана емес жергілікті мәслиxат депутаттарының да сайлауын өткізуді жөн деп тауып отыр.
«2014 жылдан бастап, біз жергілікті атқарушы органдарға үлкен құзыр бердік. Сондықтан, Парламент пен мәслиxаттың сайлауын қатар өткізу экономикалық тұрғыда тиімді деп есептейміз. 4 жыл ішінде бізге берілген функцияларды біз толық атқарып шықтық. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреттілігі артқаннан кейін, оған жаңа күш, жаңа көзқарас, жаңа азаматтар келгені дұрыс. Бұл бастама дер уақытында көтерілді, біз оны қолдаймыз», - деп атап өтті Т. Ерғалиев.
Айта кетейік, Мәжіліс дептуттары ҚР Президентіне Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс сайлау тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастаманы көтерген болатын.