Парламент сайлауына дейін жаңа партиялар пайда болады - Тоқаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып, Парламент сайлауына дейін жаңа партиялар пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент сайлауына дейін жаңа партиялар пайда болады - Тоқаев

«Біз жаңа саяси партиялар тіркеуден өтетінін айтқан болатынбыз. Бұл процесс жүріп жатыр. Егер олардың өздері заңды бұзса, біз заңды бұзып, партияларды қолдан тіркей алмаймыз. Әрине, біз қолайлы жағдайларды жасаймыз. Парламент сайлауы басталғанға дейін бірнеше партия қажетті талапты орындап, тіркеуден өтеді деп топшылаймын. Бұл біздің мүддемізге сай деп есептеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.