Парламент Сенаты депутаттарын таңдаушылардың отырыстары қалыпты, тыныш және іскерлік жағдайда өтуде - ОСК
ТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Парламент Сенаты депутаттарын сайлаушылардың отырыстары қалыпты, тыныш және іскерлік жағдайда өтуде»,
деді бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов.
Оның айтуынша, сайлау комиссиялары мен жергілікті билік органдары тарапынан қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі барлық шаралар қабылданған. «Сайлау заңнамаларын бұзу фактілері дәл қазір тіркелген жоқ. Орталық сайлау комиссиясына сондай-ақ облыстық Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлау үдерісіне қатысушылар мен азаматтардан және ұйымдардан келіп түскен шағымдар немесе өтініштер жоқ»,-деп атап көрсетті ОСК хатшысы.