Парламент Сенаты инвестициялық қор туралы заңның күшін жоюға бағытталған жобаны бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» Заңының күші жойылды деп тану туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасының мақсаты Ұлттық әл-ауқат қорын ұйымдастырудағы оның тиімді қызметін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, заң жобасы Парламентте талқыланып жатқан «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң жобасына қолданыстағы заңнамаларды сәйкес келтіруге бағытталады. Осыған байланысты қолданыстағы 4 кодекс пен 14 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп, «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» Заңның күші жойылды деп танылады. Атап айтқанда, заң жобасымен Азаматтық кодекске Ұлттық әл-ауқат қорының Үкімет шешімі бойынша стратегиялық нысандарды сатып алуға басым құқығын белгілейтін өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ Қордың белгіленген мақсаттары мен міндеттері негізге алына отырып, «Қазақстанның Даму Банкі туралы» заңға қарыз беру тәртібін нақтылау бойынша өзгерістер енгізіледі. Жер кодексіне инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер телімдерін беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар көзделеді. Сонымен қатар, Экологиялық кодекске мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін оңайлату бойынша түзетулер енгізу қарастырылған.
Соңғы жаңалықтар