Парламент Сенаты жұмылдыру дайындығы туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
өзгерістер енгізілгендіктен құжатты Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған заң жобасының басты мақсаты еліміздегі жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай, заң жобасымен ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, уәкілетті органның, ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзіретін нақтылу бөлігіне және олардың аражігін ажырату бойынша өзгерістер енгізілетін болады. Атап айтқанда, ҚР Президентінің осы салаға қатысты өкілеттілігі нақтыланып, ел Үкіметінің және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктері нақтыланып, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың аражігі қайта қарастырылады. Құжатта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнінде алдыңғы кезектегі шараларды қабылдау көзделеді. Бұдан басқа, гуманитарлық жәрдем көрсету үшін жұмылдыру резервін бейбіт кезде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылып отыр.
Парламент Сенаты Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының ішкі үйлесімін қамтамасыз етуге, нормаларды нақтылауға, сондай-ақ заңнамалық техникалық ережелерімен сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізді.