Парламент Сенатында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта ауыл шаруашылығы техникасының халықаралық лизингін дамыту жөніндегі заң жобасы талқыланды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінде «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің жабдықтары мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.
None
None

Аталмыш келісімге 2010 жылғы 21 мамырда Санкт - Петербург қаласында ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысында қол қойылған. Аталмыш келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясындағы ауыл шаруашылық техникасының халықаралық лизингін дамыту саласындағы негізгі нормативті құқықтық акті болып табылады. Құжат күшіне енетін болса, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қуатпен қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы техникасына қол жетімділікті арттыруға мүмкіндік туады. Заң жобасын сенаторлар жалпы отырыста қарайтын болды.

Соңғы жаңалықтар