Парламент Сенатының депутаттарын сайлау басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:45-тегі жағдайға сәйкес, еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді.

Айта кетейік, Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар