Парламент Сенатының депутаты, ЕҚЫҰ ПА мүшесі Әділ Ахметов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Президентінің Қырғызстандағы жағдайды байқау жөніндегі Арнаулы өкілі болып тағайындалды

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті Жоао Соареш Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ЕҚЫҰ ПА мүшесі Әділ Ахметовті ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Президентінің Қырғызстандағы жағдайды байқау жөніндегі Арнаулы өкілі етіп тағайындады,

Парламент Сенатының депутаты, ЕҚЫҰ ПА мүшесі Әділ Ахметов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Президентінің Қырғызстандағы жағдайды байқау жөніндегі Арнаулы өкілі болып тағайындалды

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Ә.Ахметов үстіміздегі жылғы 10 сәуірде Қырғызстан және халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесулер өткізу үшін Бішкекке барады.

Сенатор Әділ Ахметов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, біздің еліміздің Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды, Ирландия Республикасындағы, Норвегия Корольдігі мен Швеция Корольдігіндегі елші қызметін қоса атқарды.

2007 жылғы тамызда Президент Жарлығымен Ә.Ахметов Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды, осы кезден Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы.

2009 жылғы маусымнан бастап ЕҚЫҰ-ның қазіргі Төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі қызметін бірге атқарады.