12:38, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Парламент Сенатының «Өңір» депутаттық тобының отырысы өтті
АСТАНА. Қаңтардың 4-і. ҚазАқпарат. /Айдар Оспанәлиев/ - Бүгін Парламент Сенатында «Өңір» депутаттық тобының отырысы өтті.

Онда депутаттар аталмыш топтың жаңа ережесі мен ағымдағы жылы атқаруы тиіс жоспарын бекітіп, оған қатысты өзара пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өңір» депутаттық тобының биылғы жылғы жоспары бойынша, сенаторлар депутаттардың еліміздің өңірлеріндегі жағдайға байланысты қойған сауалдарына мемлекеттік органдардың жауаптарының нәтижесін саралайтын болады. Сонымен қатар олар республика аймақтарындағы мәслихат депутаттарының маңызды деген заң жобалары бойынша ұсыныс-пікірлерін талқыламақ. Бұған қоса олар жергілікті өкілетті орган өкілдерінің конституциялық өкілеттіктерін бір арнаға тоғыстыру қажет деп санайды. Сонымен қатар олар жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдерімен жүздеспек. Жоспарда аталғандармен қоса, түрлі мәселелер бойынша дөңгелек үстел отырыстары мен мәжілістер түріндегі жиындар белгіленген.