Парламент техникалық реттеу және метрология мәселелеріне арналған заңды қабылдады

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Парламент  техникалық реттеу және метрология мәселелеріне арналған заңды қабылдады

Парламент қабылдаған заң техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің 2009 жылғы 11 желтоқсанындағы шешімімен қабылданған Халықаралық шарттарға сәйкестендіруді  көздейді. Бұдан бөлек, Дүниежүзілік сауда ұйымының саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімінде белгіленген халықаралық терминологияға қолданыстағы заң нормалары сәйкестендіріледі.

Осы мақсатта бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізіліп отыр. Атап айтқанда, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершіліктің аражігін ажырату және оны күшейту нормалары енгізіледі. Бұдан басқа, техникалық регламенттер, стандарттар және нормативтік-техникалық құжаттар саласындағы бірыңғай мемлекеттік қор құру қарастырылады. Стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына жатқызу және өлшем құралдарын жөндеу әрі жасау құқығын алу үшін лицензиялаудағы міндеттелігі жойылатын болады.

Жалпы алғанда аталған құжат арқылы Азаматтық, Орман, Су, Экологиялық, Салық кодекстеріне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске және бірқатар заңдарға «ұлттық стандарттар» деген терминді біркелкі қолдануға қатысты өзгерістер енгізіледі.

Ал Әкімшілік құқық бүұзушылық туралы кодекске тауардың шығарылуы туралы сертификатты және Кеден одағыың тауары нысандарының қорытындысын беру тәртібінің бұзылғаны үшін жауаптылық белгілеу бөлігінде өзгерістер қамтылады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.