Парламент Үкіметке реніш білдірді

А. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараны енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Үкімет ұсынған заң жобалары жедел күн тәртібіне енгізіліп, жұмысқа қабылданды,

Парламент Үкіметке реніш білдірді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы Қазақстан, Ресей, Беларус мемлекеттері арасында құрылатын Кеден одағының қызметіне байланысты болып табылады. Ал негізгі іс-шаралар жоспары бойынша аталған үш елдің Мемлекет басшылары қарашаның 27-сінде кездесіп, Кеден одағына қатысты мәселелерді соңғы пысықтаудан өткізуді жоспарлаған болатын. Сондықтан да Үкімет  тарапынан ұсынылған заң жобасын Парламент жедел қабылдауы тиіс болып отыр. Осыған байланысты депутат Рауан Шаекин заң жобасын әзірлеуде Үкіметтің уақыты жеткілікті болғандығын айтып, құжатты кеңінен талқылауға мүмкіндік болмай отырғанын атап өтті. Өз кезегінде Мәжіліс Төрағасы Үкімет басшысына тікелей хабарласып, осы мәселеге қатысты сөйлескенін алдыға тартты.  «Премьер-Министрмен арада Үкімет тарапынан заң жобасын ұсынудағы «шабандық» туралы ренішімізді білдірдім. Жалпы, бұл құжат Кеден одағы жоғарғы органының отырысына орай қабылдануы тиіс екен», деді О. Мұхамеджанов.