Парламентаризм соңғы жылдары қоғамды тұрақтандырудың мықты факторы бола білді - Б.Байқадамов
АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы.ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстандық парламентризмнің жағдайы мен болашағы жөнінде сөз ете отырып, басты үш мәселені ескеру керек.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан парламентаризм интитутының негіздерімен байланысты дамыды. Парламентаризм Қазақстан үшін жаңа институттардың бірі. Оның дамуы еліміз үшін маңызды жетістіктердің бірі. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстандағы парламентаризм: оны дамытудың жағдайы мен болашағы» атты тақырыпта өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында «Нұр Отан» партиясының Парламентаризм институтының директоры Болат Байқадамов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның пікірінше, қазақстандық парламентаризм соңғы жылдары қоғамды тұрақтандырудың мықты факторы бола білді. Қазақстандық Парламент қазір билік құрылымдарын бөлісу жүйесі кезеңінде қызмет етуде. «Соңғы жылдары ол Мемлекет басшысымен, атқарушы және сот билігімен байланыстың кешенді жүйесін қалыптастыра білді. Парламентаризм институтының өзі саяси ғана емес, құқықтық институт ретінде қалыптаса алды. Парламентаризм Қазақстанда тұрақты қызмет ететін жүйе болып қала бермек», деді институт директоры.