Парламентшілер «Хан Шатыр» ғимаратының төңірегіне жас талдар екті

АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы айшықты ғимарат - «Хан Шатыр» орталығының оңтүстік-батыс беткейіне жас талдар отырғызылды.
None
None

Мизам шуағы төгіліп тұрған сенбі күні ағаш отырғызуда Рахмет Мұқашев, Құттықожа Ыдырысов, Бекен Әлімжанов, Қабиболла Жақыпов, Розақұл Халмұрадов, Рамазан Сәрпеков, Ерболат Әпсалямов, Виктор Киянский, Владимир Бобров, Виктор Рогалев, Александр Милютин, Құрманғали Уәли, Ромин Мәдинов, Еркін Рамазанов, Азамат Тұрсынов, Мейрам Пішембаев, Мұрат Ахмадиев және басқа да халық қалаулылары белсенді еңбек етті. Бірі қара топырақты зембілге салса, екіншілері оны тасып, жас талдардың түбіне жеткізіп тұрды.

Осы күні Айткүл Самақова, Гүлжан Қарағұсова, Зағипа Бәлиева, Динар Нөкетаева, Людмила Хочиева, Айгүл Соловьева, Светлана Бычкова, Елена Тарасенко, Ольга Киколенко, Наталья Геллерт және басқа да әйел депутаттар ер азаматтардан қалыспай жұмыс жасады.

Сенбіліктің нәтижесінде Тұран даңғылының бойында егілген жас талдар елордаға көрік беріп, жайқалып тұратын болды.

Соңғы жаңалықтар