Парламентшілер жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға баса көңіл бөліп отыр

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Парламентшілер жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға баса көңіл бөліп отыр. Осы орайда Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды,

Парламентшілер жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға баса көңіл бөліп отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасының экологиялық жағынан тиімді энергия өндіруді, оның жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау жөніндегі ережелерін жүзеге асыруды көздейді.Заң жобасының мақсаты экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін, оның ішінде парниктік газдардың шығарындыларын төмендету үшін жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану үлесін арттыру болып табылады.Осы заң жобасы экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін төмендету, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын төмендету үшін Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын өндірудегі үлесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, энергетиканың болашағы үшін отынды үнемдеуге, халықтың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін болады.