18:11, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Парламентте Ар-намыс кодексiне Елбасының Жарлығымен енгізілген толықтырулар жөнінде дәріс оқылды
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппарат қызметкерлеріне арналған оқуы болып өтті.
Бұл аппараттық оқу «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) туралы» тақырыпты қамтыды. Аппарат қызметкерлері алдында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы философия және басқару әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, доцент, философия ғылымдарының кандидаты Раушан Жүсіпова баяндама жасады.
Баяндамашы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiне (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) 2011 жылы 1 сәуірдегі Елбасының №1180 Жарлығымен енгізілген толықтырулар жөнінде жан-жақты айтып берді.