Парламентте «Сақтандыру мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы қаралуда
АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Парламентте қаралып жатқан заң жобасында тәуелсіз актуарийлер институтын енгізу қарастырылған. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан Орталық Азиядағы сақтандыру туралы IV халықаралық конференцияда айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Алина Алдамбергеннің айтуынша, Парламентте «Сақтандыру мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы талқыланып жатыр. Онда - жинақтаушы сақтандыруды дамыту; сақтандыру келісімі бойынша сақтандырушыдан сақтандыру сыйақысын төлеуде сақтандыру агенті қабылдап алған нақты ақшаны қабылдауға тыйымды бекіту; сақтандыру нарығы инфрақұрылымында: аджастерларды, андеррайтерларды, сюрвейерларды одан ары дамыту; сақтандыру агентіне қойылатын талаптарды күшейту қарастырылуда. Сондай-ақ, сақтандыру статистикасының толыққанды базасын құру; сақтандыру тобына қатысушылардың қызметінің шоғырландырылған қадағалауын бекіту; сақтандыру нарығына қатысушылардың кәсіби бірлестіктерінің қызметін реттеу; тәуелсіз актуарийлер институтын енгізу көзделіп отыр. Алина Өтемісқызының сөзіне қарағанда, нормативтік- құқықтық актілерді жетілдірудің қосымша шаралары да жүргізіледі. Олардың қатарында - сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесінің талаптарын және сақтандыру ұйымдарының қызметінде дистанциялық қадағалау мен талдауды жүзеге асыру үдерістерін жетілдіру; сақтандыруға қабылданған апат тәуекелдерін бағалау бар. Сонымен қатар, тәуекелді қайта сақтандыруда жеке шегеруде дифференцияландырылған лимитті енгізу; өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін нығайту бар.