Парламентте Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есептері қаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент ҚР Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламентте Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есептері қаралады

«Қазақстан Парламентінің қарауына ҚР Үкіметі және ҚР Жоғары аудиторлық палатасы 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін енгізді. Үкіметтің 2022 жылға арналған республикалық бюджеттік орындалуы жөніндегі есебінің негізгі параметерлеріне тоқталсақ, былтырдың қорытындысы бойынша бюджеттің түсімдері 16 трлн 140 млрд теңгені немесе жоспардан 102, 1 пайызды құрады. Шығыстар 18 трлн 532 млрд теңге сомасында атқарылды», - деді Мәжіліс депутаты Мәди Такиев.

Осы орайда ол Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатасының есептері бойынша қорытындысы әзірлеуге дайын екенін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылға қарай бюджет тапшылығын төмендету жоспарланып отыр.