Парламенттік сайлау: Кореядағы қазақстандық ең бірінші дауыс берді

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ. ҚазАқпарат - Ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Қазақстан азаматы - Аделина Алпамыс. Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ телеграм каналына сілтеме жасап хабарайды.

Парламенттік сайлау: Кореядағы қазақстандық  ең бірінші дауыс берді

Сонымен қатар, Қазақстанның Жапониядағы және Корея Республикасындағы Елшіліктері жанындағы сайлау учаскелері өз жұмысын алғашқы болып бастады.


Токиодағы #261 және Сеулдегі #258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін ашылды. Бұл елдерде жүрген қазақстандықтардың өздерінің сайлау құқығын бірінші болып пайдалану мүмкіндігі бар.