Парламенттің қос Палатасы арасындағы заң жобасына қатысты қайшылықтарға байланысты келісім комиссиясы ортақ шешімге келді

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Парламенттің қос Палатасы арасындағы заң жобасына қатысты қайшылықтарға байланысты келісім комиссиясы ортақ шешімге келді.

Парламенттің қос Палатасы арасындағы заң жобасына қатысты қайшылықтарға байланысты келісім комиссиясы ортақ шешімге келді

Ертең, мамырдың 19-ы күні Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Парламенттің Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс пен Сенат депутаттарынан құралған келісім комиссиясы аталған заң жобасын қарап шығып, қаулы шығарды. Айта кету керек, бірқатар баптардың кейбір тамақтары мен тармақшалары негізінен қос Палатаның ұсыныстары бойынша бірлескен редакцияда жазылған.

Заң жобасын қабылдау нәтижесінде мемлекеттік өрт бақылауы адамдар жаппай жиналатын тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі объектілерде міндетті түрде сақталады.