Парламенттің өкілеттігін кеңейту халықтың өміріне оң ықпал етеді - сенатор
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламенттің өкілеттігін кеңейту - мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіріп, елдегі әрбір қазақстандықтың өміріне оң әсер ететін болады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне Парламент Сенатының депутаты Владимир Редкокашин мәлім етті.
«Елбасы ұсынып отырған реформалар, алдыға қарай қарыштап қадам басу - 2050 стратегиясына жақындай түсу дегенді білдіреді»,-деді Редкокашин.
Ол сондай-ақ Конституцияға енгізілетін түзетулердің бір ай бойына тұрғындармен белсенді талқыланғандығын және оған байланысты көпшілік тарапынан көптеген ұсыныстар айтылғандығын жеткізді.
«Түптеп келгенде қазақстандықтар конституциялық реформаларды қолдап отыр. Жақында ғана біз «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын жан-жақты қарап шықты. Мен бізге, яғни Парламент өкілдеріне қандай жауапкершілік жүктеліп отырғандығын жақсы сезінемін. Дегенмен Парламенттің өкілеттігін кеңейту мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіруге ықпал етіп, Қазақстан тұрғындарының өміріне игі әсерін тигізеді деген ойдамын»,-деді Сенат депутаты.