Парламенттің осы аптадағы жұмыс кестесі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай осы аптадағы ел Парламентінің жұмыс кестесін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«14 наурызда ҚР Парламенті Сенатында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту, су ресурстары комитеті су ресурстарын, оның ішінде трансшекаралық өзендерді пайдалануға байланысты мәселелерді заңнамалық реттеу тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. 15 наурызда Парламенттің жоғары палатасының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығымен және басқа да мемлекеттік органдармен кездесу ұйымдастырады. 17 наурызда Сенатта үйлестірілген әрі айқын бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты және жемісті дамуының кепілі тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді», - деді ол бүгін дәстүрлі апталық брифинг барысында.

Оның айтуынша, 15 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар мәдениет мәселелері жөніндегі заңнамалық  түзетулер жобасын қарастыратын болады. Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары Сербиямен халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң  жобасын талқылайды.

«16 наурызда Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер  комитетінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 34-қадамын іске асыру аясында мемлекетік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері атты тақырыптық отырыс өткізеді», - деді Жұманбай.  

Соңғы жаңалықтар