17:48, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Парламенттің осы үшінші сессиясы басталған кезден бері Мәжіліске Үкіметтен 63 жаңа заң жобасы келіп түсті
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Парламенттің төртінші шақырылымының үшінші сессиясы басталған қыркүйектің 1-інен бастап желтоқсанның 29-ына дейін Мәжіліске Үкіметтен 63 жаңа заң жобасы келіп түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінгі таңда Мәжіліс қоржынында 72 заң жобасы жатыр. Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа жіберілген заң жобасының саны - 46. Елбасы 38 заңға қол қойды.
Енді депутаттардың бір қызметі бірқатар лауазым иелеріне депутаттық сауал жолдау болса, сессия басталған қыркүйек айынан бері 209 депутаттық сауал жолданған. Оның ішінде 174-іне жауап келді.