Паромда шыққан өрттен бес адам қаза тауып, қалғандары құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқару жұмыстары қиын жағдайларда жүргізілді. Итальяндық паромда шыққан өртте бес адам қаза тауып, қалғандары қауіпсіз жерге шығарылды.

Паромда шыққан өрттен бес адам қаза тауып, қалғандары құтқарылды

Ол гректің Корфу аралының маңында апатқа ұшыраған.

Паром бортында 478 адам болған.

Италия премьер-министрі Маттео Ренци хабарлағандай, құтқару жұмыстары аяқталды, паром бортында оның капитаны мен 4 құтқарушы ғана қалды.

Грекия ресми тұлғаларының хабарлауынша, бір адам жанып жатқан кемеден шықпақ болған кезде қаза тапты. Кейінірек судан тағы төрт мәйіт шығарылды.

Құтқару жұмыстары жел мен қою түтінге қарамастан түні бойы жүргізілді.

Италияның сыртқы істер министрі Паоло Джентильони құтқару операциясына қатысқан елдердің жұмысы жеткілікті үйлестірілмеді деген болжамды жоққа шығарды.

"Италия, Грекия және Албания бұл операцияда бір-бірімен келісіп жұмыс істеуде", - деді итальяндық СІМ басшысы.