Парсы кілемі 34 млн. долларға сатылды
АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Sotheby's бәссаудасында персиялық кілем 34 миллион долларға сатылды. XVII ғасырдың басында тоқылған кілемді иемденген азаматтың есімі белгісіз.
Ол бәссаудада өзінің ұсынған қаржы көлемін телефон арқылы хабарлаған.
Бұл сома Лондондағы 2010 жылғы бәссаудада сатылған парсы кілемі бағасының рекордынан үш есе артық болып отыр. Sotheby's аға кеңесшісінің айтуынша, аталмыш лот арқылы 15 миллион доллар көлемінде пайдаға кенелу жоспарланған.
Бұған дейін кілем вашингтондық мұражайдың жиынтығына енген болатын.