Партия тарапынан батыл қадам жасалып отырғандығына қуаныштымын - Сұлтанбек Бекешев

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Праймеризге қатысқан «Jas Otan» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия тарапынан батыл қадам жасалып отырғандығына қуаныштымын - Сұлтанбек Бекешев

«Праймериз – «Jas Otan» жастар қанатының келешегі деп білемін. Біз жастарды ұсынып отырмыз, бұл олардың өздерін көрсету үшін зор мүмкіндік. Партия үшін мұндай үрдіс барлық санат арасынан белсенді, бастамашыл көшбасшыларды алып шығуға ықпал етеді. Көптеген жаңа идеялар бар. Біздің әр бағдарламамыз облыс, қала және аудандық бағдарламаларға негізделеді. Әр біреуінің өз бағыты бар. Бұл әрине, дұрыс», - деді С.Бекешев.

Кейіпкеріміз атап өткендей, ол өзі «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесіп, республика бойынша жол картасын, облыстың жастар саясаты бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге атсалысуда.

«Ақмола облысында біз 80 кездесу өткізіп, жастардың пікірлерін тыңдап білдік, осы негізінде жол картасын әзірледік. Ол 5 жылға арналған. Онда біз қол жеткізетін нақты көрсеткіштер белгіленген. Менің сайлауды алды бағдарламам осыған негізделген. Жастардың алдында басты мәселе, ол баспана мен жұмысқа орналасу болып тұр. Әлбетте, бұл мәселе тек жастарды ғана емес, ересектерді де толғандырады. Сол себепті, еліміздің жастары біздерді партия тарапынан осындай батыл қадам жасалып, ел тарихында тұңғыш рет праймериз өткізіліп отырғандығы қуантады», - деп түйіндеді С. Бекешев.