Партиялардың барлығы сайлау құқығы аясында жұмыс істеді - Ерлан Саиров
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлауда партиялардың белсенділігі артып, олардың саяси мәдениетінің өсіп келе жатқандығын көрдік. ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірген Мәдени даму институтының директоры Ерлан Саиров осылай мәлімдеді.
«Сайлау науқанын сараптау арқылы біраз нәтижелерге көз жеткізуге болады. Біріншіден, бүкіл партиялар өздерінің сайлау алды бағдарламасын электоратқа жеткізе білді. Екіншіден, партиялардың барлығы сайлау құқығы аясында жұмыс істеді. Үшіншіден, сайлау біткен күні бүкіл партиялар сайттарын өшірді. Осының барлығы сайлауда партиялардың белсенділігін арттырып, олардың саяси мәдениетінің өсіп келе жатқандығын көрсетеді», деді саясаттанушы.