Парвиз Назаров үнді киносына түседі
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Парвиз Назаров режиссер Эли Гильманның «Естен тандыра сүю» атты мюзиклінде басты рөлді ойнайды.
XIT.kz хабарлағандай, қазақстандық орындаушыға сюжет бойынша өз курстасына ғашық болатын үнд -студент Раджидің рөлі тиіп отыр.
«Мен үндіні ойнаймын, онда үнді фильмдеріне ұқсас билер болады. Бірақ біздің де ұлттық ерекшеліктеріміз көрінеді. Фильм қызықты болады деген ойдамын», - деді Парвиз.
Әртістің сөзіне қарағанда, ол фильмге түсуді бұрыннан армандаған. Сонымен бірге ол жаңа музыкалық киношедеврде актер ғана емес, ондағы барлық әндердің композиторы да болады.