Пасадина қаласында дәстүрлі раушан гүлдері шеруі өтті
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Пасадина қаласында 124-ші дәстүрлі раушан гүлдері шеруі өтті,
деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
2 сағатқа созылған шеруді тамашалауға миллионнан астам адам жиналды. Тіпті жақсы орын таңдап алу үшін адамдар шоу қарсаңында шатырларда да түнеп шықты. 8,8 шақырымға созылған шеру барысында қала көшесімен 40-тан астам тұғырнамаға орнатылған сан түрлі раушан гүлдері көрсетілді.
Пасадинадағы алғашқы раушан гүлдері шеруі 1890 жылдың 1 қаңтарында өткізілген болатын. Содан бері бұл шеру жыл сайын дәстүрлі түрде 1 қаңтарда ұйымдастырылып келеді.