Пашинян: Арменияның ішкі өмірін құрметтемейтін РФ телеарналарына тыйым салынады

Пашинян: Арменияның ішкі өмірін құрметтемейтін РФ телеарналарына тыйым салынады
Фото: trend.az

АСТАНА. KAZINFORM – Армения Премьер-министрі Никол Пашинян ресейлік телеарналар Арменияның ішкі өмірін құрметтемесе, олардың хабар таратуына тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС жазды.

«Қол қойылған шарттарға сүйене отырып, біз ресейлік арналардан Армения мен оның мүдделеріне құрметпен қарауды сұраймыз. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа бағалай отырып, бірнеше рет сұрауға, содан кейін бірнеше рет талап етуге дайынбыз. Егер жетінші рет біздің талабымыз еленбесе, онда бұл арналардың барлығы өшіріліп, Арменияда таратылуы тоқтатылуы керек», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздердің қай күні өтетінін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар