«Пәтер» жедел-сауықтыру шарасы елордадағы пәтер ұрлықтарымен айналысып жүрген ұрылардың қолға түсуіне себепкер болды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астана қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері қаладағы пәтер ұрлығымен күрес шараларының тиімділігін арттыру мақсатында ақпанның 16-сы мен 18-і күндері «Пәтер» жедел-сауықтыру шарасын жүргізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараның ұйымдастырылуына орай қалалық ішкі істер департаменті қызметкерлерінен 40 жедел іздестіру топтары құрылып, топ өкілдері арнайы жүргізілген сараптау жұмыстарының негізінде қаладағы пәтер ең көп тоналады деген аймақтарды торуылдаған. Сондай-ақ ұрланған тауарлар сатылуы ықтимал орындар, яғни базарлар мен арнайы белгіленбеген жерлерде жүргізілетін сауда орындары да жіті бақылауға алынған. Тәртіп сақшылары шара барысында қарақшылық шабуылдар мен тонау және ұрлық жасаған адамдарды ұстау бағытында белсенді жұмыстар жүргізген.

Жедел-сауықтыру шарасы жүріп жатқанда, яғни ақпанның 16-сы күні елорданың 30 жасар тұрғыны полиция органдарына келіп, күндіз өзінің пәтерінің есігін бұзып кірген біреулердің 162 мың теңге тұратын мүліктерін қолды қылғандығына шағымданған. Аталмыш әрекет бойынша жүргізілген іздестіру жұмыстары кезінде тәртіп сақшылары күдікті «Ауди А-6» көлігін ұстаған. Ал көлікте бұрын сотталған 23 пен 27 жас аралығындағы 4 азамат отырған. Тексеру кезінде олардан пәтерден ұрланған алтын бұйымдар мен пәтердің құлпын бұзуға арналған қолдан жасалған заттар табылды. Қылмыстық топтың қалада 4 пәтерді тонағандығы анықталып отыр. Олар Астана қалалық Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Енді қылмыстық топ мүшелерінің шаһардағы өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар