Патологоанатом Алматы хайуанаттар бағындағы сілеусіннің қандай себептен өлгендігін жариялайтын болды

АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Өткен аптада Алматы хайуанаттар бағында орын алған сілеусіннің өліміне байланысты себеп зертханалық зерттеулерден кейін белгілі болатын болды.
None
None

Хайуанаттар бағы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыртқышты сою жұмысы ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Мәуланов Амангелдіге жүктелген. Алдын-ала болжамдар бойынша, сілеусін өкпе қабынуынан өлген. Алайда, нақты диагноз патологоанатомның жұмысынан кейін белгілі болады.

Сонымен қатар, хайуанаттар бағы әкімшілігінің хабарлауынша, жыртқышқа барлық ветеринарлық нормаларға сәйкес емдер көрсетілген. Емдеу барысында антибиотиктер мен дәрумендер және окситетрацилин 20 LA, бутофан, рибоксин, эуфиллин, золетил, галлавит, левотетрасульфин форте сияқты дәрі-дәрмектер қолданылған.

Өкпе қабынуы мысық тұқымдастардың негізгі ауруы болып табылады.

Алматы хайуанаттар бағында орын алатын аңдар өлімінің саны рұқсат етілген нормадан аспайды. Сонымен, 2016 жылдың 24 маусымына хайуанаттар бағындағы аңдар саны 66 басты құрайды, соның ішінде 9 сүтқоректі жыртқыштар болса, 24 тұяқты жануарлар, ал 19-ы жыртқыштар, 14-і экзотикалық құстар болып келеді.

Сараптама нәтижесі екі аптадан кейін дайын болады. 

Соңғы жаңалықтар