Патриарх Кирилл 2010 жылдың басында Қазақстанға келуге ниетті

А. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы, Орыс Православты шіркеуінің дінбасы Кирилл 2010 жылдың басында Қазақстанға келуге ниетті.
None
None

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі хатшылығының ІХ отырысында Шіркеу мен қоғамның өзара қатынасы жөніндегі Мәскеу Патриархаты бөлімі төрағасының орынбасары Георгий Рощин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай Патриарх шілде айында Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезіне келе алмады. Алайда, Қазақстан бастамасының маңыздылығын ескере отырып, ол  2010 жылдың басында Астана мен Алматыға келу туралы шешімін жасады», - деді Г. Рощин.

Сонымен бірге ол Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезінің қорытындысы бойынша қабылданған құжаттарға Орыс Православты шіркеуінің Епископы  жоғары баға бергенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар