Патронды балғамен ұрып көрмекші болған тракторшы ауыр жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ганцевичск ауданы (Белорусь) Чудин ауылында құрылыс патронын абайламай қолданған тракторшы ауыр дене жарақатын алды.

Патронды балғамен ұрып көрмекші болған тракторшы ауыр жарақаттанды

Бұл туралы тергеу комитетінің облыстық басқармасы хабарлады.

Ер адамның айтуынша, патронды бір ай бұрын көшеден тауып алған. Оны не үшін алғанын өзі де білмейді. Жұмыста үзіліс уақытында ол патронды тексеріп көрмекші болып, балғамен екі рет ұрған. Мұның соңы қалай боларын білмек болған азамат қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды rosbalt.