15:36, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Патрульдық милиция қызметкерлері өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте патрульдық милиция қызметкерлері өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарды, деп хабарлады КирТАГ қалалық МІІБ сілтеме жасап.
Бүгін 12 шілдеде шамамен сағат таңғы 04:30 Шерәлиев пен Оңтүстік Магистраль көшелерінің қиылысында Бішкек қ. МІІБ патрульдық милиция қызметкерлері ағашқа жіп байлап, буынып өлмек болған ер адамды байқап қалды.
Милицияның аға прапорщигі У.Иманқұлов ер адамның аяғынан ұстап үлгерді, ал милиционерлер М.Абдрайымов пен К. Сооронбев оны жіптен босатты.
Ер адамның жағдайы ауыр болды, тиісті медициналық көмек көрсетіліп, ол есін жиды.
Ер адам өз әрекетін жалғыздықтан шаршағанымен түсіндірді. Осыған байланысты өз-өзіне қол салмақ болған.