Патшайым Елизавета ІІ күміс қасықтарын жоғалтты

АСТАНА.  Шілденің  10-ы.  ҚазАқпарат - Патшайым  Елизавета  ІІ   күміс қасықтарын  жоғалтты.
None
None

Патшайымның  қонақтары   XVIII  ғасырдың    күміс  қасықтарын  қалталарына салып,  «кәдесый»  ретінде алып  кетіпті.  Бұл оқиға     Патша  сарайында   5 мыңдай адамның  қатысуымен өткен қабылдауда  орын алған,  деп хабарлайды ҚазАқпарат  Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап.

 Қабылдау кезінде кенеттен  жаңбыр   жауып,   Елизавета Екінші   патшалық  рахымы түсіп,  бірнеше ондаған  адамға өзінің  шатырының астын   паналауға    ұсыныс   жасаған.  Кейін  шатырды  жинастыру  кезінде    үстелдердің  үстінен     патшайымның  монограммасы   бар     шыныаяқтар  мен       қасықтар   жоғалғаны анықталған.

 Қонақтар   өздерімен бірге  Патша  Георг  Үшінші   дәуірінің сегіз күміс  қасығы  пен   викториан дәуірінің   сегіз шынаяғын табақшаларымен бірге  жымқырып  кеткен.

Соңғы жаңалықтар