Пациенттердің жеке деректерін кімдер қарай алады
Денсаулық сақтау министрі Ажара Ғиният науқастардың жеке деректерінің құпиялылығының сақталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Кazinform.
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихаты барысында «Ажар Ғиниятқызы, неге пациенттердің жеке деректерін емдеуші дәрігер ғана емес, аурухананың барлық қызметкері көре алады? Бізде бір мысал бар. Пациенттің жеке кабинетіне аурухананың бас инженері кіріп қараған» деген сұрақ қойылды.
«Дұрыс айтасыз, бұл – пациенттің жеке деректеріне қол сұғу. Жеке кабинетке тек учаскелік дәрігерлер мен медбикелер кіре алады. Оларда логин мен құпия кодтар бар. Егер пациенттің жеке ақпараттық деректер жүйесіне қолжетімділік болмаса, дәрігерлер науқастың рұқсатын сұрауға құқылы. Ал бас инженерге келсек, ол заңсыздық. Сіз айтқан мәселені нақтылап, анықтау керек», - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.