Павел Астахов Ресейдегі балалар үйлерін жабуды ұсынды

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Ресейде балалар үйлері жабылуы мүмкін, ал олардың тәрбиеленушілерін асырап алатын отбасыларға береді. Бұл туралы президент жанындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Павел Астахов мәлім етті, деп хабарлады Утро.ру.
None
None

Астаховтың пікірінше, балалар үйлерінің көпшілігінің басты проблемасы - олардың түлектері «үлкен өмірге әлеуметтік бейімделмеген» болып шығады. Балалар омбудсмені балалар үйлері мен интернаттардан босаған қаражат балаларды асырап алатын отбасыларына берілуі тиіс деп санайды, сонда болашақ ата-аналардың оларды тәрбиелеуге алуына мүмкіндік туады. «Жетімдерсіз Ресей» ұраны мемлекеттік аппарат жұмысының басты салаларының бірі болуы тиіс, ал үкіметте отбасы министрлігі құрылуы қажет», деп атап өтті Астахов.

Соңғы жаңалықтар