Павел Дуров он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павел Дуров
Фото: durov/ instagram

АСТАНА. KAZINFORM – Telegram сервисінің негізін қалаушы Павел Дуров бірнеше құқықбұзушылық жасағаны үшін, соның ішінде ұйымдасқан топтың заңсыз транзакцияларын жасауға мүмкіндік беретін онлайн платформаны басқарғаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сәрсенбі күні Павел Дуровқа ұйымдасқан топтың заңсыз транзакция жүзеге асыру мақсатында Telegram-ды әкімшіліндеруге қатысы бар деген айып тағылды. Оған барлығы алты қылмыс бойынша айып тағылып отыр. Айыптар жиынтығы бойынша кәсіпкер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

П.Дуров соттың қадағалауымен босатылды. Дегенмен, оған Франция аумағынан шығуға тыйым салынып, кепіл ретінде 5 млн еуро төлеуі керек.

Париж соты оны аптасына екі рет полиция бөлімшесіне келуге міндеттеді.

Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, Павел Дуров 24 тамызда Париждің Ле Бурже әуежайында балаларға қарсы қылмысқа, есірткі саудасына және алаяқтыққа қатысы бар деген айыппен ұсталған.

Илон Маск Дуровтың ұсталуын сөз бостандығына кепілдік беретін АҚШ Конституциясына енгізілген бірінші түзетудің «жарнамасы» деп атады.

Ал Telegram командасы платформадағы қиянат туралы айыптаулардың ақылға қонымсыз екенін айтты.

Еуропалық Politico басылымы Францияда Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ағасы Николай Дуровқа да іздеу жарияланғанын хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram