Павел Дуровтың байлығы бір жылда 2,5 есеге азайды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Telegram мессенджерінің негізін қалаушы әрі иесі Павел Дуров қазіргі уақытта 6,6 миллиард доллар байлыққа ие. Ал өткен жылы оның дәулеті 17,1 миллиард доллар болған. Бұл туралы америкалық Forbes журналы хабарлады. Басылым мұны нарықтағы жағдайдың нашарлауымен түсіндіреді, деп жазды DW.

Павел Дуров
Фото: DW

Дуров Forbes рейтингінде 2016 жылдан бері көрсетіліп келеді. Ал 2018 жылы ол ресми түрде миллиардерлер қатарына қосылған.

Оның байлығының ең жоғары көрсеткіші 2021 жылы тіркелген. Сол кезде Дуровтың дәулеті 17,2 миллиард доллар деп бағаланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың TikTok-тегі аккаунты бұғатталғанын жазған едік.

Ол Google мен Amazon-ға балама болатын Cocoon компаниясын іске қосқан еді.