Павел Дуровтың есепшотында қанша ақша бар

АСТАНА. KAZINFORM — Telegram негізін қалаушы Павел Дуров банктегі шотында қанша қаражат бар екенін айтты.

дуров
Фото: Tucker Carlson сұхбатынан скрин

16 сәуірде Дуров америкалық журналист Такер Карлсонға сұхбат берген болатын.

58 минутқа созылған әңгіме барысында Дуров қаржылық жағдайы жөнінде ақпарат бөлісті.

Павел Дуровтың айтуынша, 10 жыл бойы оның банк шотында немесе биткоин «әмиянында» бірнеше жүз миллион доллар сақтаулы тұр.

«Менде жылжымайтын мүлік, ұшақтар, яхталар жоқ», — деді Дуров. 

Оның пікірінше, мұндай өмір салты оған тән емес.

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті
Ұқсас жаңалықтар

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті