Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM – Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде екінші орын алып, ел қоржынына жүлде салды. 

Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз жекелей могулда жоғары нәтиже көрсетіп, финалда 84,95 ұпай жинап, күміс медальмен жарысты аяқтаған. 

Алтын медаль жапониялық спортшы Икума Хоришимаға бұйырды. Ол 86,24 ұпай жинаған. Үшінші орынды 83,82 ұпаймен Франция өкілі Бенджамин Каве иеленді. 

Бұған дейін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан финалдық кезеңге жолдама алғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар