Павлодар әкімі тұрғындарды қыс мезгіліне дайын болуға шақырды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдің әсіресе, алыс елді-мекендердің тұрғындарын алғашқы суық түспей қысқы мезгілге көмірмен қамданып алуға шақырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Облыс орталығына көмірді бірнеше фирма жеткізеді. Әзірге қатты отын үшін ұзын кезек жоқ. Товарный көшесі 25 мекенжайында «Элит KZ» ЖШС көмірдің бірнеше түрін сатуда. Жергілікті танымал майкөбеліктен басқа бұнда семейлік қаражыра және қарағандылық шұбаркөл көмірі бар. Алыстан әкелінгендер қымбат тұрады және сапасы да жоғары.

«Нарықта негізінен Майкөбе ғана бар. Алайда, біз шұбаркөл көмірін де сатамыз.

Сонымен қатар, 17 мың теңге тұратын көп күл қалдыратын және жоғары жылу беретін қарағандылық шұбаркөлдің тоннасын майкөбенің екі тоннасы алмастырады. Оның құны 24 мың теңге. Біз сынап көруі үшін жарты қап шұбаркөл көмірін береміз. Адамдар қайта айналып отынның осы түрін сатып алуға келеді», - деді жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Дастан Дәулетбаев.

Дастан Дәлетбаевтың айтуынша, семейлік қаражыраны кәсіпорын аз алады.

«Бұл көмір көп күйе шығарып, түтіндікті бітеп тастайды. Үйге түтін кірген жағдайлар болды. Алайда, сапасы бойынша майкөбеден жақсырақ. Әзірге ауарайы қатты отынды көп мөлшерде дайындауға мүмкіндік бермей отыр. Бірде күн шығып, бірде жаңбыр жауып көмір үгітіледі де сапасы төмендейді. Қазіргі кезде «Элит KZ» ЖШС-де 3300 тонна шұбаркөл, 50 тонна майкөбе бар», - деді кәсіпорын жетекшісі.

Облыс әкімі сатып алушылардың жоқтығына қарап таңданды.

«Көліктер көрінбейді, адамдар әлі ерте деп ойлап отыр ма? Қысқы дайындықтың маусымы баяғыда басталған. Жақсы үй иесі көмірмен қамданып үлгерді. Біз артық салмақ таситын жүк көліктеріне қатаң шара қолдандық. Енді жеткізушілер бағаны өсіру үшін салмаққа байланысты шектеудің қойылғанын пайдаланатын болады. Облысымыздың барлық тұрғындарын, әсіре алыс елді-мекендерде тұратындарды бұл мәселемен айналысуға шақырамын. Ұзын-сонар кезек пайда болмай тұрып, кеніштегі көмір бағасы өспей тұрып үлгеру қажет, - деді Болат Бақауов.

Қазір Павлодарда жеке сатушылар майкөбенің тонналық бағасын 10-12 мың теңгеге белгілеп отыр. Оның бағасы қашықтыққа да байланысты. Кеніште тоннасы 7500 теңгемен жіберілуде.

Өңірде жылыту маусымы 17 қыркүйектен басталады. 

Соңғы жаңалықтар