«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жаңа басшы келді
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Аталған лауазымға Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметінде болып келген Дәурен Жамбайбек тағайындалды.
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директорлар кеңесінің шешімімен Даурен Жамбайбек басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.
Даурен Жамбайбек 1981 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы ретінде бастаған. Әр жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының көмекшісі, экономика және бюджеттік жоспарлау, өңірлік даму, ұлттық экономика министрліктерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін, 2023 жылдан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Еске сала кетейік Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды.