Павлодар ауданы әкімінің орынбасары А.Бахралинов ұсталды - Павлодар

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар ауданы әкімінің орынбасары А.Бахралинов ұсталды. Бұл туралы адвокат Светлана Ковлягина мәлім етті.

Павлодар ауданы әкімінің орынбасары А.Бахралинов ұсталды - Павлодар

Оның сөзіне қарағанда, Бахралиновке жалған терроризмге қатыс бар деген күдік келтірілуде.

Осыдан екі жыл бұрын ҚР Бас прокуратурасына Павлодар облысы прокуратурасының ғимаратында жарылыс жасалатындығы туралы анонимді хат келіп түскен.

Облыс күш құрылымдарының жедел қызметі ғимаратты түгел тексеріп, еш нәрсе таппады.

Кейіннен анонимді хаттың авторы анықталды. Ол Успенск ауданының тұрғыны А. Нұрбаев болып шықты. Павлодар қаласы № 2 сотының 18.03.14 ж.үкімімен А. Нұрбаев айыпты деп танылып, ҚР ҚК 142 бабымен 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеп болған соң бұл азамат анонимге тапсырыс беруші Асқар Бахралинов екендігін мәлім етті.

С.Ковлягинаның айтуынша, ол бүгін Нұрбаев пен Бахралиновты өзара беттестіруде болған. Онда жалған террорист А. Бахралиновтың анонимді хатқа тапсырыс бергендігін, бұл үшін 15 мың доллар төлегендігін айтқан.