Павлодар әуежайы қалыпты жұмыс кестесіне көшті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бірнеше күн қолайсыз ауа райына байланысты жабық тұрған Павлодар әуежайы қалыпты режіммен жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Күнделікті жұмыс кестесіне оралдық. Бүгін Астанадан келген ұшақты қабылдадық, одан кейін Алматы рейсі болды. «Скат» әуе компаниясының ұшағы да келіп қонды», - дейді «Павлодар әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Марат Шишов.
М. Шишовтың сөзіне қарағанда, қону орнын өзгерткен бір ғана рейс Новосібір әуе компаниясының ұшағы болды. Компания ұшақтың қону жолағына ерекше талаптар қойғандықтан, әуе кемесі Ресейге қонған.

Соңғы жаңалықтар