Павлодар әуежайына Сеулден бортында 156 қазақстандық бар ұшақ қонды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар әуежайына Токио-Сеул-Павлодар бағытымен ұшып келген эвакуациялық борт қонды. Әуе кемесіндегі барлық жолаушылар - отандастарымыз, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәлімдеуінше, 156 адамды тасымалдау үшін 7 автобус ұйымдастырылып, полицияның сүйемелдеуімен межелі орынға жеткізілді. - Токиодан ұшар алдында азаматтар термометриядан өтті, келген кезде арнайы костюм киген эпидемиологтар, медициналық қызметкерлер мен барлық қажетті қызмет мамандары қарсы алды. Іс-әрекет алгоритміне сәйкес, шетелден келгендер арасында сауалнама және термометрия жүргізілді, оларға қорғаныш бетперделері берілді. Жүк пен әуе кемесі арнайы дезинфекциялық өңдеуден өтті, - дейді департаментте. Барлығынан COVID-19-ға талдау алынды, нәтижесі шыққанға дейін жолаушылар карантинді госпитальде болады. Коронавирусты инфекция белгілері анықталған жағдайда науқастар инфекционды госпитальға жіберіледі.


Соңғы жаңалықтар